Серик Коржумбаев:«Қытай Коммунистік партиясының берік ұйымшылдығы мен табандылығы табыстың кілті болып табылады»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 қазан
Серик Коржумбаев:«Қытай Коммунистік партиясының берік ұйымшылдығы мен табандылығы табыстың кілті болып табылады»

21 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 16 қазан күні Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайы ашылды. ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин ҚКП 19-ыншы Орталық Комитеті атынан ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайына баяндама жасады. Бұл құрылтай халықаралық қоғамның назарын аударды.

«Kazakhstan Business Daily» газетінің бас редакторы Серик Коржумбаев Қытай Коммунистік партиясының 18-інші, 19-ыншы мемлекеттік құрылтайларының тікелей хабарларына қатысқан. Ол бұл жолғы құрылтайға қатыса алмаса да, Қазақстанда құрылтай баяндамасын онлайн режимінде тыңдады. Қытайдың соңғы он жылдағы жетістіктерін талдай отырып, С.Коржумбаев Қытай Коммунистік партиясының берік ұйымшылдығы мен табандылығы табыстың кілті екендігін атады.

«Ел - дегеніміз халық» деген сөзде Қытай даналығы қамтылған

С.Коржумбаев: «Бүкіл әлем Қытай Коммунистік партиясының 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының баяндамасына назар аударып жатқанына сенімдімін. Баяндаманы мен де ерекше ықыласпен тыңдадым. ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайының маңыздылығы Қытайдың дамуы үшін жаңа мақсаттар мен міндеттер орнату болып табылады. Мен бұл міндеттердің орындалатынына сенемін».

Баяндама қазақстандық бұл журналистке қатты әсер етті. С.Коржумбаев Си Цзиньпин өз сөзінде «Ел - дегеніміз халық, халық дегеніміз - ел» деп баса айтқанын еске алып, бұл сөйлемнің астарында Қытайдың даналығы мен Қытайдың қуаты жатқанын айтты.

С.Коржумбаев сонымен қатар баяндамада айтылған Қытайдың ұстанымына да назар аударды. Ұстаным - Қытай гегемония мен күш саясатының барлық түрлеріне үзілді-кесілді қарсылық білдіреді. Қырғи қабақ соғысқа, басқа елдердің ішкі істеріне араласуға және қос стандарттарға қарсы тұрады. С.Коржумбаев ойын білдіре келіп: «Бұл айқын ұстаным бүкіл әлемнің құрметіне ие болды және Қытайдың тату көрші, сенімді серіктес екенін тағы бір рет дәлелдей түсті»,- деді.

Қытайдың кедейлікпен күрестегі жетістіктері тамаша нәтижелер көрсетті

С.Коржумбаев Қытай Коммунистік партиясының 19-ыншы мемлекеттік құрылтайының хабарлауына қатысқан. Сол кездегі көрініс әлі де көз алдында тұрғанын айтты.

Ол: «Қытай Коммунистік партиясының 19-ыншы мемлекеттік құрылтайы Қытайдың бұрын-соңды болмаған ашықтығын көрсетті. Бес жылдан кейін біз Қытайдың ұлы іс жолындағы тоқтаусыз талпынысының нақты нәтижелеріне куә болдық»,- деді.

2021 жылдың 25 ақпанында Си Цзиньпин Қытайдың кедейлікпен күресте жан-жақты табысқа жеткенін жариялады. С.Коржумбаев: «Қытай әлемдегі кедейлікті шынайы жеңген бірден-бір ел. Ол әлемге ғажайып жетістігін көрсетіп, басқа елдерге табысқа жетудің тәжірибесін ұсынды»,- деді.

Бас редактор сөзін сабақтап: «Соңғы жылдары күрделі халықаралық жағдай мен жаһанға тараған індет орын алды. Осындай қиын жағдайда Қытай елі 100 миллионға жуық адамды кедейліктен құтқарды. Бұл ұлттық шешімдерді тиянақтаудың және оны жүйелі орындаудың әрі мақсат орнатқанның нәтижесі болып табылады. Қытай халқының әл-ауқатын жақсарту Қытайдың экономикасы мен саясатының салауатты және тиімді екенін дәлелдейді.

Соңғы он жылда С.Коржумбаев Қытайдың әр аймақтарында бірнеше рет болды. Осы жылдар ішінде Қытайда болған өзгерістерге тоқтала келе: «Мен «Қытайда жасалғанның» жылдам «Қытай инновациясына» көшкеніне куә болдым. Егер бұрын Қытай өзінің өндіріс күшімен халықаралық нарықты қамтамасыз етсе, қазір біз Қытайдың инновациялық технологияларды сәтті енгізіп, оның нәтижелерін әлеммен бөлісіп жатқанын көріп отырмыз. Мысалы, «Фусин нөмірлі» жүрдек пойыз Қытайдың барлық аймағына қатынайды. Ал терең теңізде басқарылатын «Стривер» сүңгуір кемесі 21 мәрте 10 000 метр тереңдікке сүңгу миссиясын орындады және Мариана шұңғымасындағы ғылыми зерттеулерге қолданылды ... мұндай мысалдарды айтып тауыса алмаймыз»,- деді.

Билік басындағы партияның мықты бірлігі табыстың кілті болып табылады

С.Коржумбаев ҚКП билік жүргізгенде өзінің дәстүрлерін сақтап қана қоймай, басқа елдердің тәжірибесін біріктіріп, жан-жақты талдау жүргізіп, ғылыми тұрғыда өз елінде тиімді қолданғанын жеткізді.

«Жаңа дәуірдегі Қытай үлгісіндегі социализм идеясы марксизмді қытайландырудың жаңа жетістігі болып табылады. Қытай Коммунистік партиясы Қытай халқының практикалық тәжірибесі мен ұжымдық даналығына негізделіп қалыптасқан. Бұл бүгінгі Қытай рухының мәнін көрсетеді» - деді С.Коржумбаев.

Бас редактордың пікірінше, бүгінгі Қытай Коммунистік партиясы бүкіл елдің халқын қуатты ұйымшылдықпен, табандылықпен ынтымақтастырып, ілгерілетті. Бұл - нағыз Қытай табысының кілті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото