Ұлттық иммиграциялық әкімшілігі:
Порттағы шекарадан жүктердің тиімді және кедергісіз өтуіне толық кепілдік береміз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 қазан

13 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 12 қазанда тілшінің Ұлттық иммиграциялық әкімшіліктен алған ақпаратына сәйкес:Үшінші тоқсанда ұлттық иммиграцияны басқару агенттігі экономикалық нарықты тұрақтандыруға және кәсіпорындардың өндірісі мен бизнесін қолдауға әрі жеңілдетуге көмектесетін 14 жаңа шараны белсенді түрде енгізді. Бұл шаралар порттарда тиімді және кедергісіз трансшекаралық тасымалдауды барынша қамтамасыз етіп, кедендік рәсімдеуді жеңілдету әрекеттері құрлықтағы, теңіздегі және ауежайдағы порттарды түгелдей қамтыды. Өндірістік және жеткізу тізбектерінің тұрақты және үздіксіз жұмыс жасауына жәрдемдесіп, тиісті кәсіпорындардың жалпы сомасы 900 миллион юаньды құрайтын қаржысын үнемдеді.

Деректерге сүйенсек, теңіз порты бағытында иммиграцияны басқару әкімшілігі порттағы жүк түсіру және тасымалдау процесінің кедергісіз болуын барынша қамтамасыз етуде. Әуежай бағытында Халықаралық жүк рейстерінің ұшу кестесін анағұрлым оңтайландырды. Бұл халықаралық жүк рейстерін кедендік ресімдеудің тиімділігін едәуір арттырды. Сол сияқты құрлық порттары бағытында маңызды материалдарды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жылдам тексеру арнасы ашылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото