Қытай дүниежүзілік ирригациялық инженерлік мұраның 4 жаңа нысанын қосты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 қазан

9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің су ресурстары Министрлігінен алған ақпаратына сәйкес, Сычуань өлкесіндегі Тунцзиянь, Цзянсу өлкесіндегі Синхуа тор тәрізді атызы, Чжэцзян өлкесіндегі Сунгу суару аумағы, Цзянси өлкесіндегі Шанбао террасалары 2022 жылғы 6 қазанда суару техникасының Дүниежүзілік мұра тізіміне (тоғызыншы партия) сәтті таңдалды. Осы төрт жаңадан таңдалған Дүниежүзілік ирригациялық инженерлік мұра нысандарын қосқанда, Қытайдың Дүниежүзілік ирригациялық инженерлік мұра нысандарының саны 30-ға жетті.

Тунцзиянь суару аумағы қазіргі уақытта негізінен Чэнду және Мэйшань қалаларындағы екі қала, төрт ауданды ауыз сумен, өндірістік және экологиялық сумен қамтамасыз етеді.

Синхуа тор тәрізді атызының инженерлік суару және дренаж жүйесі әлі де суару мен дренаждың, су тасқынына қарсы күрестің, құрғақшылыққа төзімділіктің артықшылықтарын толық пайдаланады.

Сунгу суару аумағы шағын және орта су айдындарындағы ежелгі суару жобаларының үлгісі болып табылады. Ол әлі де Сунин өзенінің екі жағындағы 110667 гектар құнарлы егістікті ылғалдандырып отыр.

Сун және Юань дәуірі кезінде әзірленіп, Мин және Цин дәуірлерінде кемелдендірілген Шанбао террассалық суару жобасы суды үнемдеу үшін ауылшаруашылық жерлерін суарудың толық инженерлік жүйесін ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғаудың кешенді саласын да қамтиды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото