- Барлық ақпарат
Қытай Beidou төмен орбиталық навигацияны жақсарту үшін микро сантиметрлік ғарыштық жүйенің S5/S6 сынақ спутнигін сәтті ұшырды
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 қазан
8 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қазан күні сағат 21:10-да Тайюань спутник ұшыру орталығы Хуанхай теңіз айдынында «Чанчжэн 11» теңіз зымыран тасығышы арқылы, "бір зымыранмен екі спутник" әдісін қолдана отырып, төмен орбитадағы Beidou навигациясын жақсартатын микро сантиметрлік ғарыштық жүйе S5/S6 сынақ спутнигін сәтті ұшырды. Спутник жоспарланған орбитаға ойдағыдай көтеріліп, ұшыру миссиясы толығымен орындалды.
Бұл екі спутник негізінен ғаламдық спутниктік навигациялық жүйенің нақты уақыттағы жұмысын бақылау, навигацияны жақсарту және жұлдызаралық лазерлік байланысты сынау үшін қолданылады.
Бұл миссия «Чанчжэн» сериялы зымыран тасығыштың 441-інші рет ұшуы болып отыр.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online