- Барлық ақпарат
Қытай Жазушылар қауымдастығының 2022 жылғы мүшелігіне 5 қазақ қаламгері қабылданады
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 қыркүйек
1 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Жазушылар қауымдастығы 2021 жылдың желтоқсан айының соңында іске қосылғаннан бері, 2022 жылғы мүшелікті жаңалау жұмысы бойынша барлығы 2875 өтінім қабылдады. Қарау және растаудан кейін барлығы 2211 өтініш беруші өтінім шарттарын орындады. Қытай Жазушылар қауымдастығының хатшылығы әр түрлі топ мүшелерінің пікірлері мен әдебиет санаттары бойынша сарапшылардан кеңес алу негізінде 16 тамызда сараптау және дауыс беру жұмыстарын жүргізіп, 994 мүшені рәсімдеуді жоспарға енгізді. Жарияланған тізімде Шыңжаң қазақтарынан 5 қаламгер қамтылды. Олар: Нұрахмет Әнуарұлы, Нұрила Қызықанқызы, Қажыбек Айдарқанұлы, Қайша Тәбәрікқызы, Ризабек Қасенов.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online