Тайкешкен шекарасы Ресейге тікелей логистикалық желісін ашты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 31 тамыз
Тайкешкен шекарасы Ресейге тікелей логистикалық желісін ашты

31 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 28 тамыз күні сағат 10-да құны 6 миллион юаннан артық 30 тоннадан астам күнделікті тұрмысқа қажетті заттар тиелген көліктердің бірінші тобы Тайкешкен шекарасынан шығып, Моңғолияның Хобда өлкесі мен Баянөлгей өлкесін басып өтіп, Моңғолия және Ресей Шаганнуол шекарасы – Ташанта шекарасы арқылы Ресей астанасы Мәскеуге тікелей барды. Бұл Тайкешкен шекарасы негізінде Қытай-Моңғолия-Ресей халықаралық интермодальдық тасымалының тікелей желісі ресми түрде ашылғанын білдіреді.

Тайкешкен шекарасы Алтайдың Шіңгіл ауданында орналасқан және Қытай мен Моңғолия арасындағы маңызды сауда арнасы болып табылады. Осы жолы ашылған жаңа логистикалық желіде жүк тасымалдау қашықтығы қысқа, құны арзан және кететін уақыт аз болады. Бұл шекара қазір 3 көлікке тиелген күнделікті бұйымдарды экспортқа шығарды. Ал алдағы уақытта Ресейге ай сайын көп мөлшерде тауар жөнелтілетін болады.

«Жібек жолы экономикалық белдеуі негізгі аймағының құрылысы және Қытай-Моңғолия-Ресей экономикалық дәлізін салу үздіксіз тереңдеуіне ілесе Тайкешкен шекарасының батысқа ашқан жолының рөлі барған сайын маңызды бола түседі. Қытай-Ресей жаңа логистикалық желісінің ашылуы болашақта Қытай-Ресей саудасын жүзеге асыру үшін көптеген саудагерлер Тайкешкен шекарасын таңдайтынын көрсетеді. Бұл сыртқы сауда кәсіпорындары мен шекара экономикасының дамуына ықпал етеді»,- дейді Тайкешкен шекара басқармасы парткомының хатшысы Инь Сяовэнь.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото