Тибет пен Шыңжаңға 2500-ден астам жоғары санаттағы медицина мамандары көмекке барды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 тамыз
Тибет пен Шыңжаңға 2500-ден астам жоғары санаттағы медицина мамандары көмекке барды

29 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы 26 тамызда баспасөз мәслихатын өткізіп, Қытай коммунистік партиясының 18-інші құрылтайынан кейін, Тибет пен Шыңжаңға «топтық үлгідегі» медициналық қызметкерлер көмегінің барысымен және нәтижесімен таныстырды. Баспасөз мәслихатында Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының медициналық басқару бюросы директорының орынбасары Ли Дачуань Тибет пен Шыңжаңға көмектескен медициналық мамандар «топтастырылғаннан» кейін, 2500-ден астам жоғары дәрежелі медицина мамандары Тибет пен Шыңжаңға барып, қызмет атқарғанын айтты. Ал 4 мыңнан астам медицина қызметкері тиісті көмекші ауруханаларда білімдерін жетілдіріп, Тибет пен Шыңжаңдағы медицина қызметкерлерінің кәсіби сапасы жоғарылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото