Қытайлық бренд құру туралы жетекші пікір

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 тамыз

26 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Ұлттық даму және реформа комитеті сияқты жеті министрлік жаңа дәуірде бренд құруды ілгерілету туралы жетекші пікірлер айтып, Қытайлық бренд құру әрекеттерін жүзеге асыруды ұсынды. Сөйтіп Қытайлық өңдеуді Қытайлық өндіріске, Қытайлық жылдамдықты Қытайлық сапалылыққа, Қытайлық өнімдерді Қытайлық брендтерге айналдыру міндеттелді.

Пікірде 2025 жылға қарай құрылымы айқын, бірін-бірі толықтыратын, ықпал қуаты мен жаңашылдығы айтарлықтай көрнекті бренд жүйесі негізінен қалыптасады деп болжанған; 2035 жылға үйлесімді орналастырылған, бәсекеге қабілетті, өміршеңдікке толы бренд жүйесі толығымен қалыптасып, Қытайлық брендтердің жан-жақты қуаты Қытайды бренд елдері деңгейіне көтереді делінген.

Пікірде мыналар айқын көрсетілген; өндірістік және аймақтық брендтерді жетілдіру тұрғысынан ауылшаруашылық брендтерін құру және жаңарту, өнеркәсіптік брендтерді ұлғайту және кемелдендіру, қызмет көрсету саласы брендтерін нығайту және жетілдіру, аймақтық брендтерді өсіру қажет; Кәсіпорындардың бренд стратегиясын жүзеге асыруына қолдау көрсетуде технология мен сапа деңгейін көтеру, бренд имиджін қалыптастыру және жақсарту, брендтің мәдени коннотациясын байыту, ірі магистральдік кәсіпорындардың жетекші рөлін көрсету қажет; Бренд ықпалын кеңейту тұрғысынан брендті тұтынуды ынталандыру, брендті халықтар арасындағы байланысқа бағыттау және халықаралық ынтымақтастыққа белсенді қатысу қажет.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото