Қытайдағы соңғы «әйел ру басы» 101 жасында қайтыс болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 тамыз
Қытайдағы соңғы «әйел ру басы» 101 жасында қайтыс болды

25 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 20 тамыз күні Ішкі Моңғұлдың Гэньхэ қаласында Эвенки этникалық тобындағы Мария Суо әжей 101 жасында қайтыс болды.

Мария Суо ғасырмен құрдас өмірінде аңшылық, отырықшылық және дамыған эвенки халқының жүз жылдық өзгерістеріне куә болды. Өмір бойы тау қойнауындағы ну орманда тіршілік еткен әжей жасы 90-ға келген шағында да тауда бұғыларды бағып-қағып, елі мен ұлты үшін бұғы мәдениетіне иелік етті.

1921 жылы туған Мария Суо – ұлттық мәдениетке мұрагерлік етудің елшісі, Ішкі Моңғұл материалдық емес мәдени мұрасының иегері және Қытайдың Мао Дун атындағы әдебиет сыйлығымен марапатталған «Эргуна өзенінің оң жағалауы» романындағы бас кейіпкерінің прототипі. Мария Суо әлемге «Қытайдағы соңғы әйел ру басы» деген атпен танымал.

Мария Суо - еңбекқор, қабілетті ғана емес, сонымен қатар сегіз қырлы бір сырлы жан. Оның қолына түскен жануарлардың терісі иленіп, қолғап, бас киім, киім-кешек сияқты тамаша бұйымдар болып шығады. Ал оның шебер қолдары қайыңның қабығынан себеттер мен жәшіктер жасайды.

Әжейдің айтатын халық ертегілері таусылмайды. Оның салған әсем әні орманда жаңғырса, ал ол тартқан сырнай үнінен Эвенки ұлтының ұзақ тарихы естіледі.

Бір ғасырлық ғұмырында Мария Суо Аолугуяда тұратын Эвенки халқы дамуының бейнесіне айналды. Асқар таулар мен ну орманды көзінің қарашығындай қорғап, бұғы мәдениетіне иелік еткені үшін оны ауыл тұрғындары қатты құрметтейді. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін, ол аң аулауды және этникалық топтарды басқаруды шебер меңгергендіктен, Қытайдағы бұғы тайпасының соңғы әйел «ру басы» атанды. Ол тіршілігінде «Бұғыларым менің балаларымдай, оларды қатты жақсы көремін» деп жиі айтатын.

Тарихи тұрғыдан эвенки «таулы орманда тұратын адамдар» деген мағынаны білдіреді. «Аолугуя» — эвенки тілі, ол «терек-орманға толы жер» дегенді білдіреді. Аолугуя эвенки — Қытайдағы соңғы бұғы тайпасы және Қытайдағы бұғы өсіретін жалғыз этникалық топ.

2003 жылы тамызда мемлекет 12 миллион юань қаржы бөліп, Гэньхэ қаласында Аолугуя эвенки аңшылары үшін жаңа имигранттар ауылы мен тегін тұрғын үйлер салды. Сөйтіп, таудан көшірілген аңшылар қарабайыр тайпалардан тікелей қазіргі қоғамға келіп тіршілік етті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото