- Барлық ақпарат
Қытайдың вакцинаны қадағалау жүйесі ДДҰ кезекті сынақтан сәтті өтті
![]() |
24 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақытымен 23 тамыз күні кешке Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдың ұлттық вакцинаны қадағалау жүйесінің сынақтан өткенін хабарлады.
Мемлекеттік дәрі-дәрмек басқармасындағы жауапты тұлғаның айтуынша, еліміздің вакцинаны қадағалау жүйесі 2011 және 2014 жылдары екі рет сынақтан өткен. 2022 жылдың шілдесінде ДДҰ бағалау критерийлерін жаңартқаннан кейін, кешенді бағалаудың жаңа кезеңі басталған еді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қытайдағы өкілі Гао Ли бағалау критерийлерінің талабы бұл жолы анағұрлым қатаң екенін айтты. Қытайдың вакцинаны қадағалау жүйесі кезекті сынақтан сәтті өтуі - Қытайда өндірілетін, импортталатын немесе айналымға шығарылатын вакциналардың сапасы бақыланып, қауіпсіз және тиімді екендігін қамтамасыз ететін тұрақты вакцинаны қадағалау жүйесі орныққанын дәлелдеді.
people.cn © People's Daily Online