- Барлық ақпарат
Ұзақ жорық сериясындағы зымыран тасығыштары қатарынан 103 рет сәтті ұшырылды
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 тамыз
![]() |
22 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 20 тамыз күні сағат 1:37-де еліміздің Сычуань өлкесіндегі Шичан жерсерігін ұшыру орталығында зымыран тасығышы арқылы қашықтықтан зондтау 35-04 жер серігін аспанға сәтті ұшырды. Мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 5 мамырынан бастап қазірге дейін, «Ұзақ жорық» зымыраны қатарынан 103 сәтті ұшыру рекордын орнатты. Бұл рекордты аяқтау үшін небәрі 2 жыл 3 ай уақыт жұмсалды. «Ұзақ жорық» зымыран тасығышы орташа алғанда, әр 8 күнде бір ұшыру миссиясын аяқтап отырған. Ол сонымен бірге бір күнде қатарынан 2 рет ұшырудың жаңа рекордын да орындады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online