Соңғы онжылдықтағы Қытайдың жергілікті экономикалық картасындағы өзгерістер

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 тамыз

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы онжылдықта әртүрлі өлкелердің экономикалық дамуымен бірге, Қытайдың жергілікті экономикалық картасы да өзгерістерді бастан өткерді.

Олардың ішінде Гуандун «ең ірі экономикалық өлке» тағына нық отырды, Фуцзянь ЖІӨ шаршы алаңының алдыңғы ондығына енді, Шанхайдың ЖІӨ-і әлемдегі «төртінші қала» қатарына қосылды, Аньхой топ жарып ел ішіндегі алғашқы ондыққа жақындады.

Топ 10 ЖІӨ

Әрбір өлкенің ішкі жалпы өнімі бойынша 2012 жылы Гуандун, Цзянсу, Шаньдун, Чжэцзян, Хэнань, Сычуань, Хэбэй, Хубэй, Шанхай және Хунань өлкелері алғашқы ондыққа кірген болатын. бұлардың ішінде тек Шанхай ғана қала ретінде өзге өлкелермен қатар алғашқы ондыққа еніп келеді.

2021 жылғы алғашқы он өлке анықталды. Олар: Гуандун, Цзянсу, Шаньдун, Чжэцзян, Хэнань, Сычуань, Хубэй, Фуцзянь, Хунань және Шанхай.

Гуандун бірінші орында

Өзінің бауырлас өлкелерінің қызу ізденісіне қарамастан, Гуандун әлі де «ең ірі экономикалық өлке» тағында берік отыр.

Деректер 2012 жылы Гуандунның жалпы ішкі өнімі 5,7 триллион юань болғанын, ал 2021 жылы оның жалпы ішкі өнімі 12,4 триллион юаньға дейін артып, Қытайдағы ЖІӨ-і 12 триллион юаннан асатын бірінші өлке болғанын дәлелдеді.

Гуандун реформалар мен ашықтық үдерісінің алдыңғы қатарында өзінің қуатты әлеуетіне сүйене отырып, Қытайдың экономикалық дамуының «көшбасшысы» болды. 2021 жылы Дунгуань жалпы ішкі өнімі бір триллион юаньнан асатын қалаға айналып, Гуандун өлкесі Шэньчжэнь, Гуанчжоу, Фошань және Дунгуань сияқты триллион долларлық 4 қаланың қожасы болып шыға келді.

Ірі сыртқы сауда өлкесі ретінде Гуандунның импорты мен экспорты 2021 жылы 8,27 триллион юаньға жетіп, бірінші рет 8 триллион юань символикалық деңгейге көтеріліп, елдің жалпы GDP-нің бестен бір бөлігін құрады.

Ірі өнеркәсіптік өлке ретінде Гуандунның жалпы өнеркәсіптік қосымша құны 2021 жылы 4,5 триллион юаннан асып, елде бірінші орынға шықты. Сөйтіп елдің жалпы GDP-нің шамамен сегізден бір бөлігін құрады.

Фуцзянь ЖІӨ бойынша алғашқы ондыққа кірді

Соңғы он жылда ЖІӨ бойынша алғашқы он өлкенің қосынындағы үлкен өзгеріс Фуцзяньның танылуы болды.

Статистика көрсеткендей, Фуцзянь қаласының ішкі жалпы өнімі 2012 жылы 2,02 триллион юань болса, 2021 жылы 4,88 триллион юаньға дейін артты. Ал оның экономикалық жиынтық көрсеткіші елдегі 11-інші орыннан 2021 жылы 8-інші орынға көтерілді.

Шанхай жалпы ішкі өнімі бойынша әлемдегі «төртінші қала» қатарында

Соңғы он жылда Шанхай қаласы тұрақты түрде ЖІӨ-нің ондық қосыны қатарында келеді. Оның әлемдік қалалар арасындағы рейтингісі де көтерілді. «Әлемдегі төртінші қала» Шанхайдың жаңа белгісіне айналды.

8 тамызда Шанхай қалалық партия комитеті хатшысының орынбасары және қала бастығы Гун Чжэн «Қытайдың қазіргі онжылдығы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында Шанхайдың ішкі жалпы өнімі 2012 жылғы 2,13 триллион юаннан 2021 жылы 4,32 триллион юаньға дейін өскенін, жаһандық қалалар арасында төртінші орынды иеленгенін жеткізді. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 14200 АҚШ долларынан 26900 АҚШ долларына дейін өсіп, ортадан жоғары дамыған елдер деңгейіне көтерілді.

Қытайдың ең ірі экономикалық қаласы және әлем үшін Қытайды танитын терезе ретінде, Шанхайдың жер көлемі елдің жалпы көлемінің 0,06%-ын ғана құрғанымен, оған ел ЖІӨ-нің 3,8%-ы тиесілі.

Қала халықаралық экономикалық, қаржылық, сауда және кеме қатынасының орталығы болып табылады. Соңғы онжылдықта қаржы нарығындағы операциялардың жалпы көлемі 528 триллион юаньнан 2 511 триллион юаньға дейін өсті. Ал порт саудасының жалпы көлемі әлемдегі ең ірі мөлшерде сақталып келеді. Шанхайдағы порттың контейнерлік өткізу қабілеті 12 жыл бойы әлемде бірінші орынға ие болды.

Шанхай сонымен қатар Қытайдағы тұтыну бойынша №1 қала болып табылады. 2021 жылы әлеуметтік тұтыну тауарларының жалпы бөлшек саудасы 1,8 триллион юань болып, ауқымы жағынан елде бірінші орынға шықты.

Аньхуэй топ жарып алғашқы ондыққа жақындады

Соңғы он жылда дәстүрлі ауылшаруашылық өлкесі саналатын Аньхой өзінің керемет ұмтылысымен жұртшылықты таңдандырды.

Деректер Аньхойдың жалпы ішкі өнімі 2012 жылы 1,8 триллион юаньнан 2021 жылы 4,3 триллион юаньға дейін өсіп, 3 триллион юаньдық кезеңнен асқанын айғақтады. 10 жылдық өсім жаңа Қытайдың негізі қаланғаннан бастап, 2011 жылға дейінгі 62 жылдық өсімдердің қосындысынан асып түскенін көрсетеді. Жалпы экономикалық өнім 2012 жылғы 13-інші орыннан 2021 жылғы 11-інші орынға көтерілді. Бұл оныншы орынды иеленген Шанхаймен бірдей дерлік деңгейде, алғашқы ондыққа аса жақын.

Жақында Аньхой өлкелік партия комитетінің хатшысы және өлкелік халық құрылтайы тұрақты комитетінің директоры Чжэн Чжацзе «Қытай онжылдығы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында мынадай мәліметтерді жария етті: «Аньхой «дәстүрлі ауылшаруашылығы өлкесінен» «дамып келе жатқан өнеркәсіптердің шаршы алаңына» айналды. Өңдеу өнеркәсібі мен цифрлық экономиканың қосымша құны 1 триллион юаньнан асты. Әлемдегі ноутбуктердің 10%-ы және СКД экрандарының 20%-ы Аньхойда өндіріледі. Елдегі әрбір 3 тоңазытқыш, 4 кір жуғыш машина және 5 кондиционердің біреуі Аньхой өндірісінде жасалады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото