- Барлық ақпарат
Сиань қаласында 2022 «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастығы форумы өтті
![]() |
9 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 9 тамызда Сиань қаласында 2022 жылғы «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастығы форумы өтті.
2013 жылы Төраға Си Цзиньпин «Жібек жолы экономикалық белдеуін» және «21 ғасыр теңіз Жібек жолын» құру бойынша ынтымақтастық бастамасын ұсынған еді. Соңғы 9 жылда «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құрудың ірі бастамасы тұжырымдамадан әрекетке ауысып, әлемдегі ең ірі халықаралық ынтымақтастық алаңына және ең танымал халықаралық қоғамдық өнімге айналды.
«Жаһандық дамуға назар аударып, байланыстарды тереңдетейік» тақырыбымен өткізілген форумды People's Daily газеті, Шэньси өлкесінің партия комитеті және өлкелік үкімет бірлесіп ұйымдастырды. Форумға 40-тан астам ел мен халықаралық ұйымдардан 120-дан астам қытайлық және шетелдік БАҚ өкілдері арнайы келіп және онлайн форматта бейне, жазбаша баяндамалар жасап қатысты.
Форумның «Бір белдеу, бір жол» өңірлік ынтымақтастығы және жаһандық даму бастамасы медиа-диалогы атты екі кіші форумы бар. 1-8 тамыз аралығында 2022 жылғы «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастығы форумы, БАҚ сұхбаты мен зерттеу сапары өтті. Қытайлық және шетелдік БАҚ тілшілері төртке бөлініп Шэньсиде маңызды сұхбаттар алды.
2014 жылдан бері «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастығы форумы 6 мәрте өткізіліп үлгірді. Бүгінге дейін жаһан елдерінің ақпарат құралдары «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысының жетістіктері туралы жұртшылықты үнемі хабардар етіп, терең диалог, пен пікір алмасулар ұйымдастырып, ынтымақтастықты тереңдетіп отырды.
people.cn © People's Daily Online