- Барлық ақпарат
Қытай инвестициялаған жел энергетикасы жобасы Қазақстанда электр қуатын тарата бастады
![]() |
28 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қазақстанда «Шелек» бірінші кезеңдік 60 мегаватт жел энергетикасы жобасының алғашқы блоктары электр энергиясын өндіріп, желіге сәтті қосылды.
«Шелек» – Power China компаниясының Орталық Азиядағы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудағы алғашқы жобасы.
2017 жылдың қыркүйегінде жоба «Қытай-Қазақстан өндірістік қуат ынтымақтастығы негізгі жобаларының» тізіміне енді.
Қуаты 60 МВт болатын жел энергетикасы жобасы Алматы облысының Шелек ауданында орындалады. Мұнда жыл сайынғы жобалық қуаты 228 млн кВт/сағ, қуаттылығы 2,5 МВт болатын 24 жел турбинасы орнатылған. Бұл көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына 160 000 тоннаға азайтуға тең болатындықтан, Қазақстанның жаңартылатын энергетиканы дамыту жоспарына оң үлес қосатын болады.
people.cn © People's Daily Online