Шыңжаң халық музыкасының жанашыры - Ван Цзянцзян

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 шілде
Шыңжаң халық музыкасының жанашыры - Ван Цзянцзян

26 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шетелден білім алып келген Ван Цзянцзян Шыңжаңның материалдық емес мәдени мұрасының жанкүйері ғана емес, «өнер адамдарынан сұхбат алушы» және халық музыкасын жинаушы. Шыңжаңның өнер адамдарынан сұхбат алып келген 12 жыл ішінде, Ван Цзянцзян солтүстік және оңтүстік Шыңжаңның 300-ден астам ауылын аралап, ханзу, ұйғыр, қазақ, тәжік, моңғұл, қырғыз сынды көптеген ұлттардың 2000-нан астам материалдық емес мәдени мұрасымен айналысатын өнерпаздарымен кездесті. Ол сондай-ақ бірталай Шыңжаң музыкалық туындыларын шығарып, көпшілікті Шыңжаң музыкасының ерекше әуенімен, әртүрлі этникалық топтардың бірегей мәдениетімен сусындатты.

Ван Цзянцзян өзінің Шыңжаңға бауыр басып кеткенін, осындай керемет мекенде отбасылы болып, тұрақтап қалғанын айтты. Өнертанушының жанкүйерлері оның жазбасы мен әлеуметтік желіде бөліскен бейнебаяндары арқылы Шыңжаңның музыкасы мен биін ұнатып қалғандарын жеткізді.

Ол: «Мен қазір Шыңжаң халық музыкасын жазып алғанымды мақтан тұтамын, бұл менің жұмысым ғана емес, міндетім», - дейді мақтанышпен.

Ван Цзянцзян Шыңжаңдағы Ұйғыр ұлты өнерпазымен бірге.

Шыңжаң халық музыкасының жанашыры - Ван Цзянцзян сұхбат барысында.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото