IUCN ақ бекіренің жойылып кеткенін жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 шілде
IUCN ақ бекіренің жойылып кеткенін жариялады

25 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 21 шілде күні Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағы (IUCN) Янцзы бекіресінің (Acipenser dabryanus) жойылып кету қаупі төнген балықтар қатарынан, жойылған түрлер тізіміне енгенін жариялады. Сонымен бірге әлемдегі жойылып кету қаупі төнген тіршілік иелері туралы Қызыл кітаптың соңғы басылымы жарыққа шығып, ақ бекіренің (Psephurus gladius) жойылып кеткенін растады.

Ақ бекіре әлемдегі ең ірі тұщы су балықтарының бірі болып табылады. Ол Қытайда ұлттық бірінші дәрежелі қорғалатын жабайы жануарлардың тізіміне енгізілген. Сонымен қатар ертеде IUCN оны «жоғалу қаупі бар» түрлердің санатына жатқызған.

IUCN ресми сайтының мәліметі бойынша, әлемдегі бекіре тұқымдас балықтың 26 түріне түгелдей жойылып кету қаупі төніп тұр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото