Әлемдегі ең кәрі алып панда Аньань 105 жасында қайтыс болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 шілде
Әлемдегі ең кәрі алып панда Аньань 105 жасында қайтыс болды

22 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Сянган мұхит саябағынан адамдардың бағып-баптауының арқасында, әлемде ең ұзақ өмір сүрген еркек алып панда Аньаньның 2022 жылдың 21 шілдесінде 35 жасында қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар тарады. Панданың 35 жасы адамның 105 жасына тең келеді.

Мұхит саябағы соңғы бірнеше аптада Аньаньның денсаулығы біртіндеп нашарлап, тәбеті де бірте-бірте төмендегенін мәлімдеді. 17 шілдеден бастап ол қатты тағамдарды жеуден қалып, тек су мен электролит сусындарын ішкен. Сонымен бірге панданың қимыл-қозғалысы да азайып, дамылдайтын уақыты салыстырмалы түрде артқан. Аньаньның жасының ұлғаюы себепті, оған жасалатын ем-шара түрлері тек жайсыздығын басу немесе тыныштандырумен шектелген.

Өкінішке орай, Аньаньның денсаулығы өте әлсіреп кетті. Қытайдағы алып пандаларды сақтау және зерттеу орталығымен кеңескеннен кейін, маман дәрігер Аньань өмірінің соңғы минуттарында қиналмасын деп, амалсыздан эвтаназиядан өткізуге келісті. 21 шілдеде таңғы сағат 8:40-та Мұхит саябағының қызметкері Аньаньға қажетті ем-шараларды жасап, соңғы сапарға ұзатып салды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото