- Барлық ақпарат
Бейжіңде Бірінші халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығы» қазылар алқасының отырысы өтті
![]() |
21 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 20 шілде күні Бейжіңде Бірінші халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығы» қазылар алқасының отырысы өтті. Отырыста бірінші халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығын» қайта бағалау нәтижелері қаралып, бекітілді.
Тұңғыш халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығы» қазылар алқасының әр елден келген 21 мүшесі бар. Ұйымдастыру комиссиясының төрағасы Қытайдың Халық газеті бас редакторының орынбасары – Фан Цзяншань. Онлайн және офлайн режимінде өткен отырысқа Фан Цзяншань төрағалық етті. Жиында «Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар ынтымақтастығы альянсының хатшылығы әрбір бағалаушының онлайн дауыс беруі арқылы жасалған қайта бағалау нәтижелерін таныстырды, онда әрбір комиссия мүшесі пікір білдірді. Сонымен бірге «Қазақстанмен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы: бағыты қалай» сияқты т.б. 19 жұмысты халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығының» таңдаулы тізіміне енгізу, Пәкістанның «Жібек жолы достары» клубының жетекшісі және Пәкістан Қытай қоғамының төрағасы Мушахид Хусайн Саид(Mushahid Hussain Syed)мырзаны халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығына» арнайы үлес қосушы ретінде марапатқа ұсыну туралы шешім қабалданды.
Жиынға төрағалық ету кезінде Фан Цзяншань бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір мен халық тілегіне басшылық ететін, елдер мен аймақтар арасындағы байланыстарды дамытатын және «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ахуалын баяндайтын маңызды күш екенін атап көрсетті. Халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығын» таңдау Жібек жолының бейбіт ынтымақтастық, ашықтық пен инклюзивтілік, өзара үйрену мен өзара үлгі алу, өзара тиімді қатынас пен тең ұтысқа жету рухын ілгерілетуге бағытталған шара екенін атап өтті. Сондай-ақ «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құру тұжырымдамасы мен тәжірибесін мойындап, таратып және түсіндіретін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қоғамның барлық саласындағы қайраткерлер ілгерілеуге мән беріп, ынтымақтастыққа ұмтылатыны туралы консенсус жинап, адамзаттың ортақ болашағы бар қоғамдастық құрудың кешенді тәжірибесін құруға көмектеседі.
Халықаралық коммуникация «Жібек жолы» сыйлығын таңдау екінші кезекті «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумының жетістіктер тізімінде» анық жазылған ірі жоба болып табылады. Халықаралық коммуникацияға арналған алғашқы «Жібек жолы сыйлығы» алты марапаттан тұрады. Олар: өзекті мәліметтер сыйлығы, жаңалықтар сыншысы сыйлығы, бейнебаян сыйлығы, фотосурет сыйлығы, індетпен жаһандық күрестегі қысқа бейнебаян сыйлығы және арнайы үлес марапаты. Солардың ішінде індетпен күрестегі жаһандық қысқа бейнебаян сыйлығы – соңғы екі жылдағы әлем елдерінің эпидемияға қарсы шараларының негізінде тағайындалған арнайы марапат болып табылады.
Бірінші халықаралық коммуникация «Жібек жолы» сыйлығын таңдау комиссиясы отырысын өткізуді «Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар ынтымақтастық одағы ұйымдастырып, Альянс төрағасы Қытайдың Халық газеті жетекшілік етіп, нақты жұмыстарға Альянс хатшылығы жауапты болды. Жаңашылдықты сараптайтын бұл шараның сыйлықтарды бағалау барысы жариялы түрде жүргізіліп, жүйелілігін, беделділігін, ашық әрі халықаралық сипаттарын сақтайды. Альянс хатшылығы тиісті жұмыстарды тиянақты және шынайы түрде атқарып, пікірлер мен ұсыныстарды жан-жақты саралап, іріктеу ережелері мен жоспарларын мұқият әзірлеп, бағаға түскен жұмыстарды жинақтап, қазылар алқасының ұйымдасқан түрде құрылуына ықпал етеді. Марапаттар байқауына «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп құратын елдер мен аймақтардың БАҚ пен жеке тұлғаларынан ашық түрде 80, басқа ел мен аймақтан барлығы 4485 жұмыс қатысты. Іріктеу жоспарына сәйкес, бүкіл іріктеу процесі үш бөлікке бөлінеді: академиялық комитеттің бастапқы бағалауы, бағалау комиссиясының қайта бағалауы және альянс кеңесінің қорытынды бағалауы. Келесі қадамда қайта бағалау нәтижелері «Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар ынтымақтастығы альянсының ресми сайтында жарияланады. Ал қорытынды кезеңде «Бір белдеу, бір жол» жаңалықтары ынтымақтастығы одағының екінші отырысында соңғы шешім шығарылып, тиісті марапаттардың қомақты сыйлықтары бағаланып, тұңғыш Халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығы» ресми түрде жарияланады.
people.cn © People's Daily Online