- Барлық ақпарат
Қытайдың цифрлық экономикасы бірнеше жыл қатарынан әлемде екінші орынды иеленуде
![]() |
20 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі Ақпарат және коммуникациялар басқармасының басшысы Ван Пэн баспасөз мәслихатында еліміздің цифрлық экономикасы бірнеше жыл қатарынан әлемде екінші орында тұрғанын мәлімдеді.
Ван Пэн еліміздегі цифрлық өндірістің ауқымы артып келе жатқанын айтты. Бірінші жартыжылдықта интернет-сауда, онлайн білім беру және телемедицина сияқты «байланыссыз экономика» жан-жақты қарқын алып, цифрлық өндіріс жоғары өсу қарқынын сақтап, экономикалық дамуға күшті серпін берді. Қаңтар-маусым аралығында электронды ақпарат өндірісі, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және интернеттің жалпы табысы 10 триллион юаньнан асты.
Сонымен қатар, еліміздің өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау процесі жеделдеп, жаңа белестерге көтерілді. Басқарма басшысы Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі жаңа буын ақпараттық технологиялар мен өндірісті біріктіруді тереңдетуге баса назар аударып, «5G + өнеркәсіптік интернет» жобасының ілгерілеуін жалғастырып жатқанын, 3100-ден астам құрылыс нысандары қолданыста екенін жеткізді.
people.cn © People's Daily Online