- Барлық ақпарат
Шыңжаңның білім саласындағы халықаралық алмасулары мен ынтымақтастығы тұрақты дамып келеді
14 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы халық үкіметінің баспасөз хатшысы Шюй Гүйшяң 12 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында Шыңжаңның білім беру саласындағы шетелмен алмасу және ынтымақтастық нәтижелерін таныстырды. Шыңжаңның білім саласындағы шетелмен алмасулар негізінен төмендегідей бағыттарды қамтитынын айтты:
Біріншісі – мемлекет демеушілігімен шетелде оқуды жалғастыруды қолдау. 2016 жылдан бері білім беру жүйесі АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Жапония, Канада сияқты 22 елге жалпы жиыны 338 жасты мемлекет демеушілігімен оқуға жіберді.
Екіншісі – «Қытайдың Шыңжаңында оқу» жоспарын белсенді жүзеге асыру. Қытай үкіметінің стипендиясы, автономиялық регион халық үкіметінің стипендиясы сияқты, шетелдіктердің Қытайда оқу бағдарламаларын ұйымдастырып, жүзеге асырады. 2016 жылдан бері Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионындағы жеті ЖОО-да Қытайға келген 20 мыңға жуық шетелдік студентке білім берілді.
Үшіншісі – Қытай-шетел бірлескен білім беру жобасын үздіксіз кеңейту. Осы уақытқа дейін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионында негізінен қатынас-тасымал, құрылыс технологиясы, электрлік автоматтандыру технологиясы және басқа да мамандықтарды қамтитын 7 Қытай-шетел бірлескен білім беру жобасы қолданылды.
Төртіншісі – халықаралық алмасулар мен ынтымақтастықты тұрақты түрде дамыту. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионында бұрын-соңды құрылған Қытай-Ресей-Қазақстан-Моңғолия Алтай өңірі ЖОО директорларының қауымдастығы, Новосибирск-Шыңжаң орыс тілі орталығы, Қытай-Орталық Азия студенттерінің мәдени алмасу базасы, Қытай-Орта Азия университеттері директорларының альянсы, Жібек жолы Еуразиялық ЖОО (Кәсіптік білім беру) альянсы және басқа да халықаралық алмасу платформалары бірқатар академиялық семинарлар өткізді. Сондай-ақ бұл бірлестіктер кең ауқымды, терең мазмұнды, түрлі пішінді алмасулар мен ынтымақтастыққа қол жеткізді.
people.cn © People's Daily Online