Шыңжаңның халықаралық алмасулардағы жемісті жетістіктері

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 14 шілде

14 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы даму және реформа комитеті директорының орынбасары Мао Хуэй кезекті баспасөз мәслихатында: «Шыңжаң - Еуразия құрлығының ішкі аймағында орналасқан, ежелгі Жібек жолының маңызды өткелі, Қытайдың батысқа ашылатын маңызды қақпасы және Жібек жолы экономикалық белдеуінің негізгі аймағы. Соңғы жылдары Шыңжаң өзінің географиялық ерекшеліктерін тиімді пайдалана отырып, халықаралық ынтымақтастық саласында жемісті нәтижелерге қол жеткізді», - деп мәлімдеді.

Мао Хуэй былай деді: «Мемлекет Шыңжаңда ұлттық деңгейдегі 55 негізгі ашық платформалар мен өнеркәсіптік даму платформаларының 13 санатын дәйекті түрде құрды. Әсіресе Қашқар және Қорғас экономикалық даму аймақтарында мемлекет пен автономиялық регион корпоративтік табыс салығын төмендету мен босату саясатына қол жеткізді».

Соңғы жылдары Шыңжаң Жібек жолы экономикалық белдеуінің негізгі аймағы құрылысын қозғаушы күш ретінде ұстанып, өзінің аймақтық ашық стратегиясын мемлекеттің батысқа ашылуының жалпы жоспарына белсенді түрде біріктірді. Шыңжаң Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия және басқа ел үкіметтерімен экономикалық алмасулар мен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда. Көршілес елдермен бірлескен індеттің алдын алу және күресу механизмін құрып, жетілдірді. 25 мемлекеттік және халықаралық ұйымдармен 21 ынтымақтастық келісіміне қол қойды. 190 елмен және аймақпен экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынасын орнатып, 45 жұп халықаралық бауырлас қалаларды қалыптастырды.

Шыңжаңда 118 халықаралық тасымал желісі ашылып, Қытайдағы жалпы халықаралық тасымал көрсеткішінің 1/3 бөлігін құрады. «Шыңжаң-Еуропа» автожолы толығымен түйісті. Қазақстандағы екінші теміржол құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан және Қытай-Пәкістан теміржол қатынасы тұрақты жүріп жатыр. Қолданыста 25 азаматтық әуежай бар. «Шыңжаңда ішкі қатынас торабын құру, шығыс пен батысқа дәнекер болу» бағытын салу жеделдетілді. 2 «Шыңжаң электрін сыртқа тарату» арнасы мен 3 «Батыс-Шығыс газ тасымалдау» арнасы аяқталып, пайдалануға берілді. Автомобиль, темір жол, азаматтық авиация, құбыр желісі, коммуникацияларды біріктіру жүйесі құрыла бастады. Шыңжаңның шетелге инвестициясы 60-тан астам ел мен аймақты қамтып, 4 елде экономикалық және сауда ынтымақтастығы паркі салынды. 6 рет Қытай- -Еуразия ЭКСПО-сы ұйымдастырылды. Көрші елдерде 43 рет Шыңжаң тауар жәрмеңкесі өткізілді. Юань арқылы трансшекаралық есеп айырысудың нақты төлемі 110 ел мен аймақты қамтыды.

Емдеу саласында Шыңжаң шетелдік 24 ірі емханамен трансшекаралық телемедициналық қызмет көрсету платформасын құрып, инновациялы «бұлттық емхана» салды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото