- Барлық ақпарат
«Мен А қан тобымын, менен алыңыз»! Халық үшін қанын беруге дайын Алтайдың полицейлері
13 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шілденің 8-і күні Алтай қаласының Оңтүстік аумағындағы қан станциясында қан тапсырған 6 полиция қызметкерін көргенде, Алтай азаматы Шіңгіл көзіне жас алып: «Анамды аман алып қалғандарыңызға рахмет!»,-деп алғыс жаудырып жатты.
Шіңгілдің 72 жастағы анасы он жылдан астам апластикалық анемиямен ауырады. 2021 жылдың қарашасында қарт ананың жағдайы нашарлап, жедел миелоидты лейкоз, тромбоцитопения, коагуляциялық гипофункция секілді күрделі диагноз қойылады. Сырқаттың өмірін сақтап қалу үшін тромбоциттерді үздіксіз толықтыру қажет болады.
6 шілдеде қарттан көп мөлшерде қан кетіп, шұғыл түрде А типті тромбоциттерді құймаса, өміріне қауіп төнеді. Алайда жергілікті қан банкінің қорында қан жетіспей, Шіңгіл мен оның отбасы жан ұшырып, жан-жақтан көмек сұрауға мәжбүр болады.
Алтай қалалық қоғамдық қауіпсіздік мекемесі бұл жағдайды білген соң, денсаулығы жарамды полицейлерге жедел қан тапсыруға ұсыныс жасайды. Бұл хабардан кейін полицейлер «Менің қан тобым сәйкеседі, менен алыңыздар!»,- деп шетінен суырылып шығады.
8 шілдеде бірқатар физикалық тексерулерден кейін донорлық шартты орындаған 6 азаматтық полиция қызметкері 300CC толық қан, шамамен 3200CC толық қаннан алынған 4 бірлік тромбоциттерді тегін тапсырып, қарт ананы ажал аузынан аман алып қалды.
people.cn © People's Daily Online