2021 жылы Қытайда орташа өмір сүру ұзақтығы 78,2 жасқа дейін ұзарды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 шілде
2021 жылы Қытайда орташа өмір сүру ұзақтығы 78,2 жасқа дейін ұзарды

13 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы 12 шілде күні жариялаған «Еліміздің денсаулық сақтау және медициналық кәсібін дамыту 2021 жылғы статистикалық бюллетеніне» сәйкес, Қытай тұрғындарының орташа өмір сүруі ұзақтығы 2020 жылы 77,93 жастан, 2021 жылы 78,2 жасқа дейін ұзарғанын көрсетті. Жүкті әйелдердің өлім-жітім көрсеткіші 16,9/100 000-нан 16,1/100 000-ға, ал нәрестелердің өлім-жітім деңгейі 5,4‰-дан 5,0‰-ға дейін төмендеген.

Статистикалық санақтардың көрсеткеніндей, денсаулық сақтау шығыстарының жиынтығы бойынша, 2021 жылы ЖІӨ-дегі жалпы ұлттық денсаулық сақтау шығыстарының үлесі 6,5%-ды құрайды, медициналық және денсаулық сақтау мекемелерінің жалпы саны бойынша 2021 жылдың соңында елдегі медициналық емдеу-сауықтыру мекемелерінің жалпы саны 1 030 935 құрады, оның ішінде 36 570 аурухана, 977 790 ауыл-қалашықтағы денсаулық сақтау мекемелері.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото