- Барлық ақпарат
«Шэньчжоу 13» астронавтары ғарыш сапарын еске алды. Чжай Чжиган: аспанда ұйықтау ыңғайлырақ
12 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдарының 11 шілдеде таратқан хабарына қарағанда, «Шэньчжоу 13» астронавт экипажы екі айдан астам уақыт ішінде қалпына келтіру кезеңін аяқтады. Үш ғарышкер жақында өткен сұхбатта ғарыштағы «іскерлік сапар» тәжірибесімен бөлісті.
Чжай Чжиган алғаш рет жерге қайтқанда төсегі қанша жайлы болса да, бастапқыда үйренісе алмағанын айтты. «Шынтуайтында, аспанда ұйықтау жерге қарағанда ыңғайлырақ. Ғарыш станциясында ұйықтау үшін жастықтың қажеті жоқ, мойын омыртқаң мен басың босаңсып, өзіңді жеңіл сезінесің. Сондықтан ғарышта ұйықтау қолайлы. Аспанда ұйықтағанда, әр адам түрлі қалыпта ұйықтайды. Ал өзім жақсы ұйықтаймын».
Ғарыш стансасының ұйықтайтын қапшығы белдікпен және 6 ілмекпен жабдықталады. Чжай Чжиган кеңістікте ұзақ тұрғаннан кейін, бір ғана ілмекті ілудің жеткілікті екенін байқағанын айтты. «Ілмекті көбірек ілсең, салдырлаған даусы маза бермейді. Сондықтан ұйықтар алдында теледидар көру де ыңғайсыз. Абайсызда қозғалып қалсаң, дауысы салдырлайды. Мен ілмекті бірте-бірте ілмейтін болдым. Төсектің үстіне екі жіпті бостау байлап қойсаң, ұйықтап жатқанда қалықтап кетудің алдын алады».
Чжай Чжиган ғарышта өмір сүргенде, жер бетіндегі су ішу, дәретханаға бару, ерте тұрып бетіңді жуу, жаттығудан кейін душ қабылдау сияқты жердегі ең қарапайым дағдыларды ғарышта қатты сағынатынын айтты.
Тер мен кіші дәреттен қайта қалпына келтірілетін суға қатысты айта келе, Е Гуанфу оны қабылдаудың қиын болатыны қалыпты жағдай екенін айта келе: «Біз де алғашында көңілге алып, жиреніп жүрдік, шын мәнінде, әлденеше рет сынақтан өткен су ауыз су стандартына сәйкес келеді, тіпті одан әлдеқайда асып түседі»,-деді.
Шэньчжоу 13 ұшу миссиясында Чжай Чжиган мен Ван Япин екінші рет ғарышқа көтеріліп отыр. Екі реткі сапардың айырмашылығы мен әсеріне қатысты айтқанда, Ван Япин ең үлкен айырмашылық оның бұл жолы қызы бар екенін айтты.
Ғарышкерлер экспедициясының салтанатты рәсімінде қызының «мама» деген дауысы көптеген желі қолданушыларын елең еткізген еді. «Сол күні мен қызымды көрдім. Кішкентай қызғылт көйлек киіп алып, «мама» деп шақырды»,-деді Ван Япин. «Мен мұны естігенде, бұрылып бір қарадым, көзіме жас келгенін сездім. Қызыма қайта қарауға батылым бармады, уайымдап қалудан қорықтым».
«Шэньчжоу 13» астронавт экипажы оралғаннан кейін, ғарышкерлердің оқшаулану, қалпына келу және оңалу уақыттарында әртүрлі тапсырмаларды ойдағыдай орындап, бақылау кезеңіне толығымен ауыстырылғаны мәлім болды. Қалпына келтіру және денсаулықты тексеру қорытындыларын жүргізгеннен кейін, үш ғарышкер қалыпты жаттығуларға ауыстырылады.
people.cn © People's Daily Online