- Барлық ақпарат
Жүрдек пойыз «жедел жәрдемге» айналып, науқас сәбиді құтқарды
![]() |
12 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 4 шілде күні Үрімжі балалар ауруханасында сырқаттанған баланың анасы Мұкайрем: «Баламыз ауыр халге түскенде, жүрдек пойыз баламызды құтқарып, тез арада ауруханаға жетуге көмектесті. Операция аяқтап екі күндік бақылаудан кейін, баланың жағдайы тұрақтанды», - деп көңілінің орныққанын білдірді.
Оқиға 30 маусымда басталды. Осы күні Шыңжаң Құмыл Орталық ауруханасында 7 күндік нәрестенің ас қорыту жолы тесіліп, мамандардың жан-жақты тексеруінен кейін, жедел түрде Үрімжіге хирургиялық емдеуге жіберу керек болды. Шыңжаң 949 радио-телевизиялық стансасының көмегімен Шыңжаң темір жол бөлімі мен Құмыл қалалық емдеу мекемесі бірлесіп, жедел медициналық құтқару механизмін іске қосты. Жүрдек пойыз 3 сағатқа жетпейтін уақытта 539 шақырым жол жүріп, нәрестені шұғыл Құмылдан Үрімжіге жеткізді. Сөйтіп, жүйткіген пойыз лезде адам өмірін құтқаратын «жедел жәрдемге» айналып, баланың өмірін сақтап қалды.
people.cn © People's Daily Online