- Барлық ақпарат
Қытайдың үшінші ұшақ таситын кемесі суға түсірілді
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 маусым
17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін таңертең еліміздің үшінші авиатасымалдаушы кемесін суға түсіру рәсімі өтті.
Орталық Әскери комитеттің бекітуімен еліміздің үшінші авиатасымалдаушы, корпус нөмірі «18» кемесі «Қытай халық-азаттық армиясы флотының Фуцзянь кемесі» деп аталды.
Фуцзянь кемесі – елімізде толық дербес жобаланып, жасалған катапульт түріндегі бірінші ұшақ тасығыш. Тікелей және ұзақ ұшу палубасын қабылдайтын кеме электромагниттік ату және бөгеу құрылғыларымен жабдықталған. Кеменің 80 тоннадан астам жүкті алып жүру мүмкіндігі бар.
Еліміздің үшінші авиатасымалдаушы кемесі суға түсірілгеннен кейін, жоспар бойынша арқандап байлау мен навигациялық сынақтардан өтеді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online