Шыңжаң барлық этникалық топтардың балаларының игілігі үшін білім берудің теңгерімді дамуын жебеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 маусым
Шыңжаң барлық этникалық топтардың балаларының игілігі үшін білім берудің теңгерімді дамуын жебеді

8 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Бұрын Шыңжаңның егіншілік, малшылық аймақтарындағы оқу-ағарту саласының кенже қалғанының белгісі болған «ат ұстіндегі мектеп» пен «шатырлық сыныптар» бүгінде негізінен жойылған. Соңғы жылдары Шыңжаң білім беру арқылы халыққа пайда әкелу жобасын жүзеге асыруды жалғастырып, білім берудің барлық деңгейлері мен түрлерін жоғары деңгейде жалпыластыру мен сапалы дамытуды жүзеге асыруға жан-жақты жәрдемдесіп, барлық этникалық топ балаларының білім алу құқықтарын заңға сәйкес қамтамасыздандырды.

Автономиялық регионның білім басқармасының мәліметі бойынша, Шыңжаңдағы барлық деңгейлер мен түрдегі мектептердегі қазіргі оқушы саны, 2015 жылғы 4 миллион 893 мыңнан 2020 жылғы 6 миллион 497 миллионға жетті. Олардың ішінде этникалық азшылық оқушылары 3,28 миллионнан 4,845 миллионға дейін өсіп, 67,04%-дан 74,57%-ға көтерілді.

Мектеп жасындағы әрбір ауыл баласының жақын маңдағы балабақшаға баруы үшін Шыңжаң соңғы жылдары 4 мыңнан астам ауыл балабақшасын салып, жөндеуден өткізіп, кеңейтті.

Шыңжаң оңтүстік Шыңжаңның төрт аймақ пен обылысындағы шашыраңқы бастауыш және орта мектептер мен білім беру ресурстарының біркелкі емес мәселелерін де жергілікті жағдайға сай шешті. Хотан аймағы жалпы сомасы 2 миллиард 800 миллион юаннан астам қаржы жұмсап, бір қала мен үш ауданда 9 оқу-ағарту аумағын тұрғызды. Онда балабақшадан жоғары орта мектепке дейінгі бүкіл мектеп кезеңін қамтып, балаларды сапалы білім беру ресурстарымен қамтамасыз етті.

Оқушылардың отбасылық қаржылық қиындықтарға байланысты оқуын тастап кетуіне жол бермеу үшін Шыңжаң тағы да бала бақшадан жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтитын студенттерге қаржылық көмек көрсету саясат жүйесін құрды. «Он үшiншi бесжылдық» (2016-2020 жылдар аралығы) кезеңiнде Шыңжаң барлық деңгейлер мен түрлердегі студенттерге жалпы сомасы 31 миллиард 172 миллион юан қаржы бөлiп, 26 миллион 1835 мың студент игiлiктi тапты. 2021 жылы барлық деңгейдегі студенттерге 8 миллиард 299 миллион юань бөлініп, 6 миллион 7498 миллион студент абзал саясаттан игіліктенді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото