- Барлық ақпарат
Еліміздегі алғашқы нөлдік көміртекті шөл жолы салынды
7 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 6 маусым жаңалығы. Жақында PetroChina Тарым мұнай кәсіпшілігі шөл тас жолы нөлдік көміртекті көрсету жобасы Такламакан шөлінде аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңадан салынған 86 фотоэлектр станциясы экологиялық қорғалатын орман белдеуінде шашырай орналасқан. Тас жол бойындағы өсімдіктер дизельдік қозғалтқыш арқылы суарылу тәсілімен қоштасып, тас жолдың бойына нөлдік көміртегі шығарындыларына қол жеткізіп, Тарым шөлі тас жолы еліміздегі бірінші нөлдік көміртекті шөл жолына айналды.
Мәліметтерге сәйкес, Тарым мұнай кәсіпшілігі «қос көміртегі» нысанасына баса назар аударып отыр. Еліміздің «Құмды, шағылды және шөлді аймақтарында кең ауқымды жел электр және фотоэлектр базасы жобаларын жоспарлау мен салуды жеделдету» туралы үндеуіне белсенді түрде ден қойып, бастапқы кезеңде 11 су көзі ұңғымасын электр желісіне және 12 тәжірибелік фотоэлектр станциясына қосу негізінде, ағымдағы жылы қалған 86 дизель-генератор су көзі ұңғымаларын фотоэлектрлік қозғалтқышқа өзгерту жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, экологиялық қорғалатын орманды суарауға қажетті энергияны «жанар майдан электр көзіне» өзгертіп, нөлдік көміртегі шығарындысын жүзеге асырады. Дизельді электр энергиясын өндірумен салыстырғанда, бұл көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына 3410 тоннаға азайтып, фотоэлектр арқылы құмды тізгіндеудің жаңа әдісін орнықтырады.
Шөлді тас жолдағы фотоэлектр станциясының жалпы орнатылған қуаты 3540 киловатт, жылдық электр қуаты 3,62 миллион киловатт-сағат, экологиялық қорғалатын орманының 436 километрінің тәуліктік суару қажеттілігін қанағаттандыра алады. Есептерге сәйкес, экологиялық орман жылына шамамен 20 000 тонна көмірқышқыл газын сіңіреді және жол бойы көліктерінің көміртегі шығарындыларын бейтараптандырады. Осылайша елімізге шөлді тізгіндеу, шөл жолын пайдалану және күтіп ұстау үшін «Тарым жобасын» ұсынады.
people.cn © People's Daily Online