- Барлық ақпарат
Шыңжаңдағы екі мақта технологиясы ұлттық өнертабыс патентіне ие болды
![]() |
31 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 27 мамыр күні Шыңжаң ауылшаруашылық Ғылым академиясы Экономикалық дақылдар ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Тянь Ливэньнің ұжымы екі ұлттық өнертабысқа патенттік куәлік алды. Патенттелген екі технология Шыңжаңдағы машинамен терілген мақта талшығының ұзындығы, беріктігі және біркелкілігі сияқты негізгі көрсеткіштердің жоғары сапалы мақта стандартына жетуін қамтамасыз етіп қана қоймай, Шыңжаңдағы машинамен терілген мақтаның көпжылдық ластану мәселесін де шеше алды. Бұл Шыңжаңдағы машинамен терілген мақтаның сапасын айтарлықтай жақсартады.
Бұл технологиялар «Шыңжаңның машинамен терілген жоғары сапалы мақта өндірісінің әдісі» мен «машинамен терілген мақтаны шикізат етіп, пластикалық пленкамен ластанбаған мақта жіп өндіру әдісін» орнықтырды. Ал оның ағымдағы жылдық қолдану аймағы 1333333 гектардан асты. Еліміздегі атақты мақта маманы Мао Шучунь «Бұл екі патентті Шыңжаңның машинамен терілген мақта өндірісіндегі негізгі технологиялық өнертабыс ретінде сала өкілдері мойындады»,- деді.
people.cn © People's Daily Online