- Барлық ақпарат
«Шэньчжоу-13» басқарылатын ғарыш кемесі аман-есен жерге оралды
![]() |
18 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың ғарыштық инженерлік кеңсесінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың 16 сәуірінде Бейжің уақытымен сағат 9:56-да «Шэньчжоу-13» басқарылатын ғарыш кемесінің қайтарылған капсуласы Дунфэн алаңына сәтті қонды. Сағат 11:5-те «Шэньчжоу-13» астронавты Чжай Чжиган, Ван Япин және Е Гуанфу капсуладан аман-есен шықты. Жергiлiктi медициналық бақылау-сақтандыру қызметкерлерi үш астронавтың денсаулығы жақсы екенiн айтты. Сөйтіп «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесінің ұшу миссиясы сәтті орындалды.
Орбитада үш ғарышкер жердегі ғылыми-технологиялық қызметкерлердің қолдауымен екі рет тысқа шығу іс-шарасын және екі «Тяньгун сыныбы» ғарышта сабақ өту қызметін сәтті аяқтап, бірқатар ғылыми-технологиялық тәжірибелер мен қолданбалы жобаларды жүзеге асырды. Ван Япин кабинадан тыс әрекеттерді орындаған Қытайдағы алғашқы әйел ғарышкер. Сонымен қатар, «Шэньчжоу-13» астронавт экипажы орбитада алғаш рет телеоперация арқылы жүк кемесін ғарыш станциясында түйістіруді аяқтады. Алғаш рет орбитада 6 ай тұруға қол жеткізіліп, қытайлық астронавттардың орбитада үздіксіз ұшу ұзақтығы бойынша жаңа рекорд орнатты. Үш астронавт ғарышта алғаш рет Жаңа жыл түні мен қытай жаңа жылын қарсы алды.
«Шэньчжоу-13» ғарыш кемесі ұшу миссиясының табыспен аяқталуы ғарыш стансасының негізгі технологиясын тексеру кезеңінің сәтті аяқталғанын және Қытай ғарыш станциясы құрылыс кезеңіне енуге аз қалғанын білдіреді.
people.cn © People's Daily Online