- Барлық ақпарат
Биыл Қазақстанда Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 14 сәуір
![]() |
Биыл Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған әскери парад ұйымдастырылмайды, деп хабарлады ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ», - делінген хабарламада.
Ведомство, алайда мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу көзделіп отырғанын мәлімдеді. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі жиындар да бар.
«Қорғаныс министрлігімен еліміздің барлық өңірінде өткізілетін 50-ге жуық түрлі шара жоспарланған», - деп атап өткен ведомстводан.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online