- Барлық ақпарат
АҚШ-тың басқа елдерді американдық үлгідегі «демократиялық стандартты» қабылдауға мәжбүрлеуі демократияға деген опасыздық саналады
10 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Чжао Лицзянь 9 ақпанда: «АҚШ-тың аталмыш «демократиялық тұлғасы» әлдеқашан күйреген, бірақ олар демократияның атымен шекара сызып, топ құрап, басқа елдерді американдық үлгідегі «демократиялық стандартты» қабылдауға мәжбүрледі, бұл көпе-көрнеу демократияға жасалған опасыздық»,-деді.
Сол күнгі кезекті баспасөз мәслихатында тілші былай деп сұрады: Хабарларға қарағанда, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Блинкен АҚШ-Жапония-Үндістан-Австралия сыртқы істер министрлерінің төртінші «төрт жақты механизм» отырысына қатысу үшін Австралияға барады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің Азия-Тынық мұхиты істері бойынша Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Конда телефон арқылы өткен брифингте «төрттік механизм» сыртқы істер министрлері «Қытайдың демократиялық құндылықтар мен халықаралық ережеге төндірген қиындықтарын» талқылайтынын айтты. Бұл туралы Қытайдың пікірі қандай?
Чжао Лицзянь демократияның бірнеше елдің патенті емес, бүкіл адамзаттың ортақ құндылығы екенін баса айтты. «Елдің демократиялық екенін тек оның халқы ғана бағалай алады. Америка Құрама Штаттарының «демократиялық тұлғасы» әлдеқашан күйреген. Соған қарамастан олардың басқа елдерді американдық үлгідегі «демократиялық стандартты» қабылдауға мәжбүрлеуі және демократияның атымен шекара сызып, топ құрауы демократияға жасалған опасыздық саналады».
people.cn © People's Daily Online