- Барлық ақпарат
Қазақстанның Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылдың қаңтар айында ревакциналаудан өтеді
(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 желтоқсан
![]() |
ҚР Президенті келесі жылдың қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді деп хабарлайды 24.kz.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Президент халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады» делінген хабарламада.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online