- Барлық ақпарат
Орталық Азиядағы бес ел экономикасын қалпына келтіруді жалғастыруда
16 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында өткен ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Премьер-Министрі А.Мәмин биылғы жылдың алдынғы 10 айында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,5 пайызға өскенін және Ұлттық экономиканың тұрақты қарқынмен дамығанын айтты. Эпидемиялық жағдайдың бірте-бірте жақсаруына байланысты Орталық Азияда орналасқан Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркіменстан да біртіндеп экономиканы қалпына келтіру жолына түсті.
Статистика да осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан экономикасының оң өсімге қол жеткізгенін, көптеген экономикалық көрсеткіштер оң нәтиже көрсете бастағанын дәлелдейді. Қазан айының соңындағы жағдай бойынша фармацевтика өнеркәсібі 33,6%-ға, ал автомобиль жасау өнеркәсібі 23,4%-ға өсті. ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Ерғалиев өнеркәсіптік өндіріс пен құрылыс бұрынғыдай экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып табылатынын, сонымен бірге қызмет көрсету саласы, импорт пен экспорт өсу қарқынын сақтап, нарық өндіруші емес салаларға белсенді инвестиция салынып жатқанын атап өтті.
Орталық Азиядағы екінші экономикалық тұлға - Өзбекстанның жалпы ішкі өнімі алғашқы үш тоқсанда 6,9 пайызға өсті. Өзбекстанның ресми статистикасы бойынша биылғы жылдың алдынғы тоғыз айында ел ішінде 338 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Шамамен 77 000 жаңа компания коммерциялық қызметпен айналыса бастады, инвестиция Өзбекстан ЖІӨ-нің 32%-ын құрайды.
Тәжікстанның ЖІӨ өсу қарқыны алғашқы үш тоқсанда 8,9%-ды құрап, бұл негізінен тұрақты капиталға инвестиция көлемін кеңейтті және өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, тасымалдау, қызмет көрсету және басқа да салаларды қарқынды өсірді. Қырғызстан мен Түркіменстан экономикалары да осы кезеңде әртүрлі оң өсім деңгейіне қол жеткізді.
Орталық Азиядағы экономикалық өсім деңгейі әр түрлі елдердің үкіметі індетпен күресу және экономиканы көтеру үшін қабылдаған батыл шаралардың пайдасын көрді. Тиісті елдер бизнес-ортаны оңтайландыру, корпоративтік салық жүктемесін азайту және босату, жеңілдетілген несиелер беру, шетелдік инвестицияларды тарту сияқты экономикалық ынталандыру жоспарларын енгізуді жалғастыруда.
Жақында Еуропалық қайта құру және даму банкі «Орталық Азияның 2021 жылғы экономикалық даму перспективаларын» жариялады. Бұл құжат бойынша Орталық Азиядағы бес елдің ішкі жалпы өнімінің орташа өсу қарқыны биылғы жылы 4,9%-ды құрайды деп күтілуде. Дегенмен, кейбір мамандар эпидемиялық жағдай, халықаралық нарықтағы тауар бағасы, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс сияқты факторларды ескере отырып, Орталық Азия елдерінің экономикасы әлі де көптеген қиындықтарға тап болып отырғанын атап өтті.
people.cn © People's Daily Online