- Барлық ақпарат
Мұхитта эпидемияға байланысты 28000 тонна пластик қалдықтары жиналуы мүмкін
![]() |
15 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Америкалық Қызықты Ғылым веб-сайтының 10-шы қараша күнгі хабарлауы бойынша, Қытайлық Және Американдық ғалымдар бірлесіп құрған жаңа үлгі көрсеткендей, коронавирус індетінің өршіп тұрған кезеңінде эпидемияға байланысты 28 мың тоннадан астам пластикалық қалдықтар ақыры мұхитқа ағып кетіпті.
Британдық «Гардиан» коронавирус індеттің тарағанынан бастап, 2021 жылдың тамыз айының ортасына дейін 193 елде індетке байланысты шамамен 9,2 миллион тонна пластик қалдықтары шығарылғанын хабарлады.
Қытайдың Нанкин университетінің және Сан-Диегодағы Калифорния университетінің зерттеушілері 8 қарашада АҚШ-тың «Ұлттық ғылым академиясының материалдарында» жарияланған мақаласындағы зерттеу нәтижелері індет басталғаннан биыл тамызға дейін мыңдаған тонна маскалар, қолғаптар, анықтау жабдықтарының қорабы және қорғаныс маскалары шығарылғанын, олар дүние жүзіндегі 369 ірі өзен арқылы мұхитқа құйғанын айтты. Сонымен бірге осы ғасырдың аяғында коронавирус індетіне қатысты барлық пластиктер ақырында теңіз түбіне (28,8%) батып кетеді немесе жағажайға (70,5%) шығады, бұл теңіз экожүйесін зақымдауы мүмкін екенін көрсетті.
Зерттеуде бұл медициналық денсаулық сақтау қалдықтарын теңіз ортасына ұзақ мерзімді әсер ететіні және дүние жүзіндегі елдер медициналық денсаулық сақтау қалдықтарды басқаруды күшейтуі керек екендігі атап көрсетілді.
people.cn © People's Daily Online