- Барлық ақпарат
ЭЫДҰ: Қытай әлемдегі тікелей шетелдік инвестицияның ең қарқынды әлеуеті бар ел болды
5 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қарашаның 2-сі күні Парижде орналасқан Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында жаһандық тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) ағыны 870 миллиард АҚШ долларына дейін көтеріліп, 2020 жылғы екінші жартыжылдық ауқымынан екі еседен астам өскендігін көрсететін мәліметтерді жариялады. Бұл көрсеткіш 2019 жылғы індетке дейінгі деңгейден 43%-ға жоғары болды. Статистика көрсеткендей, Қытай осы жылдың бірінші жартыжылдығында 177 миллиард АҚШ долларын құраған тікелей шетелдік инвестиция көлемі бойынша әлемдегі ең үлкен ел болды.
ЭЫДҰ осы жылдың бірінші жартыжылдығында жариялаған деректеріне сәйкес, 2020 жылы жаһандық тікелей шетелдік инвестиция күрт төмендеген кезде, Қытай бұл үрдісті бұзып, өсу қарқыны Америка Құрама Штаттарынан асып, әлемдегі ең үлкен тікелей шетелдік инвестициялау еліне айналды.
people.cn © People's Daily Online