- Барлық ақпарат
Қытай көмекке берген төртінші топ «COVID-19» вакцинасы Зимбабвеге жетті
(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 27 қыркүйек
![]() |
27 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Зимбабвеге көмекке жіберілген төртінші топтағы «COVID-19» вакцинасы 26 қыркүйек күні түстен кейін Зимбабвенің астанасы Харареге жеткізілді. Вакцинаны Зимбабвенің Вице-президенті және Денсаулық сақтау министрі Чивенга өз елінің атынан қабылдап алды.
Еске алар болсақ, 15 ақпанда Зимбабве Қытай көмекке жіберген тұңғыш топтағы «COVID-19» вакцинасын тапсырып алған болатын. Содан бері Зимбабве екі мәрте Қытай көмекке жіберген «COVID-19» вакцинасын қабылдап алды. Сонымен қатар, Зимбабве үкіметі Қытайдан «COVID-19» вакцинасын бірнеше рет сатып алған.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online