- Барлық ақпарат
Алматыда тау бөктері өртенді
(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 6 қыркүйек
![]() |
Алматы маңындағы тау баурайында қураған ағаштар өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласының ТЖД мәліметінше, 5 қыркүйекте сағат 16:05-те Медеу ауданында қураған ағаштар өртенгені туралы ақпарат келіп түскен.
«Оқиға орнына 25 адам, 5 бірлік техника жіберілді. Тау бөктеріндегі өрттің жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі туындады»,-деді департаменттен.
Алдын ала мәлімет бойынша өрт ошағы 1,5 гектарды шарпыған.
Еске салсақ, жуырда Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп, жалынның жанармай құю станциясына таралу қаупі туындаған еді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online