- Барлық ақпарат
Қытай-Еуропа экспресінің «Чанган» 10000-ші пойызы жолға шықты
(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 13 тамыз
![]() |
Фотода X9041 пойызы Сиань халықаралық порт станциясынан жолға шығып барады. |
13 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 1 тамыз күні таңертең жүк вагонына кездемелер, жолаушылар жеделсатысын, радиатор сияқты заттар тиеген 50 автомобильдік жүгі бар X9041 Қытай-Еуропа «Чанган» пойызы Сиань халықаралық порт станциясынан жолға шықты. Пойыз Қазақстанның Алматы қаласына барады. Бұл 10 мыңыншы рет жолға шыққан «Чанган» пойызы.
Қазір Сиань халықаралық порт станциясынан жолға шыққан Қытай-Еуропа экспресінің(Сиань)халықаралық бағыты 15-ке жетті. Негізінен Орталық Азия, Оңтүстік Азия, Батыс Азия мен Еуропадағы негізгі тауар көздерін толық қамтуға қол жеткізді. Қытай-Еуропа экспресс (Сиань) пойыздарының бағыты, контейнерлерінің салмағы мен жүк көлемі сияқты маңызды көрсеткіштер бойынша елдің алдыңғы қатарында.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online