«Тұлпар» жүйткіді, тұрмыс шалқыды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 маусым

30 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Сүтті шайдың хош иісі аңқып, қызара піскен бауырсақ қазаннан шықты. Өрік пен жүзім қағы сияқты құрғақ жеміс-жидектер дастарқанның сәнін келтірді. 16 мамыр күні таң сәріде, Моңғұлкүре ауданы Қарасу қалашығы Ақши қыстағының тұрғыны Жәзира туристерге таңғы ас әзірлеумен қарбалас болды. Ол «Ақ тілек» халықтық салт-сананы қкөріп-сезіну орталығының әйел қожайыны.

Жәзира атқа мініп, ұясынан шығып келе жатқан күнді қарсы алады. Сиыр сауып, сүтті шай әзірледі, көппен бірге ән айтып, би биледі. Туристер Ақши қыстағындағы күндерін өте көңілді өткізді. Моңғұлкүре ауданындағы алғашқы халықтық салт-сана туризм қыстағы - Ақшиде 72 малшы отбасының арасында малшылар шаттығы саяжайы, халықтық салт-сана орталығы және халықтық түселхана ашқан 31 отбасы бар. Моңғұлкүре тұлпар халықаралық саяхат мерекесінің табысты өтуімен бұл қыстақ қыруар туристерді баурай түсті. Мұндағы өзіндік ерекшелікке ие халықтық салт-сана, әдет-ғұрып және ықыласы мол, қонақжай малшылар шаттығы саяжайының қожайындары Моңғұлкүре туризміне үлес қосты.

Ошақтан туристерге дейін

Таңғы астан кейін Жәзира халықтық түселхананың бөлмелерін реттеді, бөлме ішіндегі кестелі дастарқан, терезе еденіне қойылған гүл, қабырға жиегіндегі ақ торғынмен тысталған көрпе-жастық - бәрінен қарапайымдылық пен мейірімділік мұндалайды. Төсекке жайылған оюлы сырмақ та ерекше көз таратады.

«Жүн түтіп, бояп, киіз басып, кестеледік. Осы бір кестелі сырмақты әзірлеуге кемінде екі жыл уақыт жұмсалды. Бұрын өзіміз кестелейтінбіз, қазір ақшаға сатып аламыз». Жәзира кестелі сырмақты нұсқап тұрып: «Бұл кестелі сырмақты өзім тапқан ақшама сатып алдым»,-деді мақтана.

Осыған дейін күйеуі Ақтілек Әсетұлы сыртта мал бағатын, Жәзира болса от басы, ошақ қасынан шықпайтын.

Моңғұлкүреде халықтық салт-сана туристер қыстағын құруды ұйғарғанда, Ақши қыстағы көрінісі көркем, қатынасы қолайлы болғандықтан алдымен таңдалды. Жәзира бірінші топтағы “игілікке кенелген” малшы болды. Бұдан кейін күйеуімен бірге тау-тасты кезіп, мал бақпай, жаз күндері, әсіресе, тұлпар мерекесі кезінде отбасындағылармен туристерді күтумен қарбалас болып кетті.

«Әжем мен шешемнің қайнатқан сүтті шайы, жасаған тамағы өте дәмді. Алайда мен ғана тамақ жасап ақша таптым». Жәзира малшыдан аспазға, одан қожайын болған күндеріне дән ризашылығын білдірді.

Мереке-мейрам шаралары ауыл-қыстақ саяхатын өрістетті.

Ли Уыну қызметтестерімен бірге биылғы Моңғұлкүре тұлпар мерекесін өткізудің дайындық қызметіне кірісіп кетті. Моңғұлкүре аудандық партком үгіт бөлімінің орынбасары болған ол тұлпар мерекесін ұйымдастыру қызметіне бес жыл ат салысты. Ол былай деді: «Тұлпар мерекесінің жергілікті жердің туризмін жетілдірудегі рөлі ерекше. 2019 жылы тұлпар мерекесі кезінде турист кірісі бір миллиард 930 миллион юань болып, 3 миллион 650 мың туристі қабылдады. Бұдан саяхат кәсіпорындары, малшы кәсібіндегілер мол табысқа кенелді».

Қыстақ тұрғыны Нұрболат Омарбекұлының сүт өнімдерін сатқанына 10 жыл болды, қолдан ұйытқан айран, ашытқан қымыз, жасаған құрттары керемет өтімді болды. «Қазір күн сайын 10 килограмдық шелекпен 2 шелек айран ұйытамын, оларды түсте-ақ сатып бітіремін», - деді ол қуана күлімсіреп.

Тұлпар мерекесінің атағы барған сайын аспандап, Ақши қыстағына халықтық салт-сана мәдениетін көріп-сезіну үшін келетін туристер үзілмейтін болды.

Гауһар Ескермесқызы қыстақтағы турист жолбасшысы. «Алғаш басталғанда көпшілік туристерге сүтті шай қайнатып, тамақ жасап, ән айтып, би билеп беретін. Кейін келе бұлар туристер үшін қызық екенін байқадық. Қазір халықтық салт-сананы сезіну біздің негізгі белгі - маркамызға айналды». Таңғы асты істеуді үйренуден күндіз ат мінуді, қамшы өруді, кесте тігуді үйренуге, одан түстен кейін сиыр сауу, сүтті шай қайнатуды үйренуге дейін жетті. Туристер бұл жерде малшылардың тұрмысын сезіне алады.

Көп қыстақ тұрғындары “туризмінің игілігін” көрді

Сезіну орталығы алғаш 2006 жылы ашылған болатын. Сол жылы Жәзираның отбасындағылар бір айда 400-дей туристі қабылдады. Ол осыншама көп адамның үйіне ат басын бұрып, дәм тататыны үш ұйықтаса да түсіне кірмеген еді. Уақыт өте келе ол іс-әрекетінің аясын біртіндеп кеңейтіп, ас-сумен қамдаудан басқа, 2019 жылы тағы төрт бөлмелі халықтық түселхана ашты. Туристер көп келетін маусымда тамақтанатын және қона жататын адамдарды қосқанда бір күнде 100-дің үстінде турист қабылдады. Қазір Жәзира мен күйеуі Ақтілек туризмнің қауырт мезгілінің басталуын тағатсыздана күтіп отыр. «Биыл қабылдайтын саяхатшылар санынан рекорд жаңалайтындығына сенемін», - деді Жәзира.

Туристер санын көбейтіп, қыстақ тұрғындарының әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсарту үшін біраз жылдан бері қыстақ “екі комитеті” жол жөндеп, автокөлік тұрағын жасады. Ауыл-қыстақты тазартып, көгалдандырып, көріктендіріп, жарықтандырып, қыстақтың бет-бейнесі анағұрлым тартымды ете түсті. Қазір бұл арада 300 метр ұзындықтағы батбырауық дәлізі, жарқыл от, далада түнеу алаңы бар, сондай-ақ қақтама алаңы салынды. Қыстақ тұрғындарының көбісі туризм кәсібіне ойысып, оның әкелген игілігіне, дамуына мүдделі бола түсті.

Жәзира: «Мен қазір туризмнің еркін дамыған, келуші туристердің аяғы үзілмейтін тамаша сәтіне жолықтым, сол үшін де өзімді бақытты санаймын», - деді.  

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото