«Тяньвэнь-1» ғарыш кемесі кезекті міндетін өтеу барысында Қытайдың ғарыш істерінің даму тарихындағы 6 реткі тұңғышты жүзеге асырды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 28 маусым
«Тяньвэнь-1» ғарыш кемесі кезекті міндетін өтеу барысында Қытайдың ғарыш істерінің даму тарихындағы 6 реткі тұңғышты жүзеге асырды

28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2030 жылға дейін Марстан үлгі алып қайту міндеті атқарылады.

«Тяньвэнь-1» «айналу, қону, шарлау» нысанасын бірінші қадамда орындап, еліміздің Марсты тұңғыш барлауы табысты болуына орай, 12 маусым күні Мемлекеттік Ғарыш Мекемесі Бейжиңде ақпарат жариялау мәжілісін өткізді. Мемлекеттік Ғарыш Мекемесінің ақпарат мәлімдемешісі Сюй Хунлян мынадай ақпаратпен бөлісті: «Тяньвэнь-1» міндетінің сәтті болуы − еліміздің ғарыш істерінде дербес жаңалық ашуының, қарыштап дамуының жемісі, ол еліміздің ғарыш істерінің даму тарихындағы 6-ншы реткі тұңғышты жүзеге асырды.

Бұл 6 тұңғыш ұшуға мыналар кіреді: бірінші, жер шары мен Марс аралық орбитаны айналып барлау аппаратын ұшыру тұңғыш рет іске асырылды; екінші, жұлдыз аралық ұшуды алғаш рет орындады; үшінші, жер шары сыртындағы ғаламшарға баяу қонуды тұңғыш рет жүзеге асырды; төртінші, жер шары сыртындағы ғаламшар бетін шарлау, барлауды алғаш рет іске асырды; бесінші, 400 миллион километрлік аралықты өлшеу-меңгеру хабарласуын бірінші рет сәтімен орындады; алтыншы, бірінші рет Марс туралы ғылыми ақпаратты айқындады. «Дүние жүзі ғарыш тарихында «Тяньвэнь-1» ғарыш кемесі Марста қытайлықтардың тұңғыш рет ізін қалдырып қана қоймай, сонымен бірге Марсты айналу, қону және шарлау сынды үш үлкен нысананы алғаш рет сәтті орындап, Қытай ғарышкерлерінің ақыл-парасатын, әлеуетін толық әйгіледі. Бұл еліміздің жұлдыз аралық зерттеу саласы дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарда екенін көрсетеді». Сол сияқты Сюй Хунлян: «Еліміздің алғашқы Марсты барлау міндетінің басталуында қиындығы зор, сайысы көп дәлелдеу сатысынан бастап, орнығу аралығы алыс, уақыты ұзақ, саласы алуан түрлі көптеген күрделі мәселелер де кездесті», - деген ойымен бөлісті.

Еліміздің тұңғыш рет Марсты зерттеуге бағытталған барлау аппараты жүйесін бас жобалаушы Сунь Цзэчжоу былайша таныстырды: «Марстың қону, төмендеу барысы − біздің міндетіміздегі қауіп-қатері ең жоғары буынымыз. Осы деңгейдегі Марстың бөтен әрі құбылмалы атмосфера ортасына дөп келдік. Сондай-ақ әр түрлі шешуші әрекетті дербес орындауымызға тура келді».

Ақпарат жариялау мәжілісінде тағы Қытай ғарыш істерінің «14-бесжылдық» жобасы мен алдағы дамудың түйінді жобасы да таныстырылды. «14-бесжылдық» жобасы мен алдағы уақытта Қытайның ғарыш істері мемлекеттің ғарыш істеріндегі құдыретті ел құру жөніндегі шешімдері мен орналастырулары бойынша, кеңістік ғылымын, кеңістік техникасын, кеңістіктің өзін пайдаланудың жаппай дамуын жедел ілгерілетіп, ғарыш ғылыми-техникасында жаңалық ашудың қозғаушы күшін, экономикалық, қоғамдық дамудың тіректік қабілетін түйінді түрде жоғарылатып, анағұрлым кең халықаралық ауыс-түйіс пен сабақтастықты белсене өрістетеді. Ол жерге жақын ұсақ қозғалмалы ғаламшарлардан үлгі алып қайта оралу және негізгі құйрықты жұлдызды айнала барлау міндетін атқару, Марстан үлгі алу міндетін атқаруды қамтиды. Осыған сәйкес еліміз 2025 жылдың алды-артында жерге жақын ұсақ қыдырмалардан үлгі алып қайта оралу және негізгі белдеулік құйрықты жұлдызды айнала барлау міндетін орындап, жерге жақын ұсақ қыдырмаларды айналып барлау, қосымша үлгі алып қайтуды жоспарлап отыр. 2030 жылдың төңерегінде марстан үлгі алып қайта оралу міндеті атқарылады. Сол сияқты Юпитер жүйесін айналып барлау және қозғалысы жылдам жұлдыздарды кесіп өтіп зерттеу тәсілі жүргізіледі.

Еліміздің алғашқы Марсты барлау міндеті инженериясының бас жобалаушысы Чжан Жунцяо мынадай түйінді пікірін білдірді: «Қытайдың қозғалмалы жұлдыздарды барлау инженериясы жалпы тұлғалық жобалау, зерттеуді салалап атқару және кешенді дамудың негізгі ұстанымында табанды болып, инженериялық техниканы дамыту мен қоламталы ғылыми мәселелерді зерттеудің қажеті бірге қаралып, 2030 жылға дейін Марсты зерттеу негізінде «айналу, қону, шарлау нысанасын алдыңғы кезекте орындау, одан соң үлгі алып қайтуды жүзеге асыру» бағыты бойынша жүргізіледі.  

(Редактор:Shixi,Deng Jie)

Фото