- Барлық ақпарат
Өскемен автобустарына электронды билеттеу жүйесі біртіндеп енгізіліп жатыр
![]() |
Өскемен автобустарына электронды билеттеу жүйесі біртіндеп енгізіліп жатыр |
Өскемен қаласындағы қоғамдық көлікке электронды билеттеу жүйесі біртіндеп енгізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, автобустарда электронды билеттеу жүйесіне кезең-кезеңімен көшу туралы шешім қабылданған.
Бүгінгі таңда бірқатар қоғамдық көліктер жаңа жүйемен жұмыс істей бастады.
Атап айтқанда, бұл - 12, 24, 60 және 67 бағыттағы автобустар. «Екі күнде 3 мыңнан астам жолаушы электронды билеттеу жүйесі арқылы төлем жасаған.
Жүйенің жұмысы аталған маршруттарда тестілік режимде жұмысын жалғастыра бермек. Қалған автобустар әзірге жаңа жүйеге қосылмады», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен автобустарында электронды билеттеу жүйесі іске қосылатынын хабарлаған болатынбыз.
people.cn © People's Daily Online