- Барлық ақпарат
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын 32-орынға дейін жақсартты
![]() |
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын 32-орынға дейін жақсартты |
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын 32-орынға дейін жақсартты. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Негізгі 29 азық-түлік тауары бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларының аясында 59 жоба, оның ішінде 48 сүт-тауарлы ферма, 3 ет комбинаты, 8 құс фабрикасы салынып, олар 220 мың тоннадан астам өнім өндірді. Ірі қара мал 5,6 пайызға артып 7,8 млн басқа жетті. Ұсақ мал, жылқы саны көбейді», - деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысының дерегінше, былтыр 20,1 млн тонна астық және бұршақ дәнді дақыл бастырылды.
Астық сапасы 80 пайызға жақсарды. Бұл – соңғы 5 жылдағы үздік нәтиже саналады.
«Қазақстан 2020 жылы Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде өз позициясын 113 елдің арасында 32-орынға дейін жақсартты», - деді Асқар Мамин.
people.cn © People's Daily Online